Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда арақты ең көп тұтынатындар тұратын қала анықталды

Бұл облыста полицейлер тұрғындардың араққа құмарлығын тыя алмай жүр. Алкогольді рейтингте жергілікті тұрғындар көш бастап тұр екен.

867f0645e8ccb7917c831b39a6d7845b

Сурет stav.aif.ru

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұл өз кезегінде қылмыс деңгейінің күрт өсуіне де әсерін тигізетіні белгілі.

Светлана Ковлягина Павлодарда қырық жылдан бері тұрып келе жатыр. Үй жанында екі мейрамхана ашылғалы бері оның өмірінің мазасы қашқан. Түні бойы алқаштардың айғайы мен у-шуын тыңдап шығуға мәжбүр.

“Бүгін көптеген көлік келіп, даңғаза музыка ойнап тұрды. Мейрамханадан кіл қыздар шығып, айқайлады, биледі. Ақыры болмаған соң полиция шақыруға тура келді”, – дейді қала тұрғыны Светлана Ковлягина.

Халықпен кездесу өткізген облыстық ІІД басшысы Марат Қожаевқа тұрғындар тек сауал ғана қоймай, бірнеше ұсыныс та жасаған. Оның айтуынша, ішімдік өндіруші мекемелер мен қылмыстық статистика арасында тікелей байланыс бар екен. Осы жылы қылмыс саны 16 пайызға дейін өскен.

“Алкогольді ішімдікті қабылдау бойынша Павлодар облысы осымен бірнеше жыл қатарынан алдыңғы орында тұр”, – дейді ІІД басшысы Марат Қожаев.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстандағы ащы су сілтеушілер саны Ресей мен Европа елдеріне қарағанда аз. Алайда орталық азия елдерімен иық тірестіре алады. 15 жастан асқан әрбір қазақстандықтың басына 6 литр таза спирттен келеді екен. Бұл жалпы планета масштабы деңгейінде орташа көрсеткіш.

Павлодардың еліміздегі ең “алқаш” қала екенін дәрігерлер де растайды. Медициналық айықтырғыш орталығында әр кеш сайын аншлаг деп әзілдейді олар. Клиенттердің көбісі түн ауғанда түседі екен. Адам сауыққаннан кейін оларды үйлеріне қайтарады. Ал ауыр жағдайда болса токсикологиялық бөлімге жібереді. Мұнда тәулігіне 50 адамға дейін түседі екен. Бұл Қазақстан бойынша өте жоғары көрсеткіш.

“Медициналық айықтырғышқа түсу бойынша – Павлодар облысының тұрғындары ел бойынша алдыңғы қатарда. Осы жылдың өзінде 30 мың адамды қабылдадық. Ең үлкен Алматының өзінде бұл статистика 10 мың адамды көрсетеді”, – дейді облыстық наркодиспансердің бас дәрігері Гүлнәр Смағұлова.

Енді қаладағы тәртіп сақшылары орнатылатын бейнебақылау камераларын көбейтуге ниет танытып отыр. Оның қаншалықты көмектесері әзірге белгісіз.

Талқылау