Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда арақ қайтадан қымбаттайды

Қазақстанда ішімдік құны шарықтайтын болды. Бағаны өсіруге бағытталған жобаға қол қойылуға жақын. Литріне ең төменгі баға 1300 теңгені құрамақ.

138438

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұл арзан ішімдікке деген сұранысты көбейтетіні сөзсіз. Қазірдің өзінде, қазақстандықтар дәріханаларға спирт алу үшін жиі баратын болған. Фармацевтердің айтуынша, қазір этил спирті трендте тұрған көрінеді. Дәріханаларда ол, дүкендердегі кейбір арақ өнімдері секілді 12.00 мен кешкі 21.00 аралығында сатылады екен.

50 мл этил спирті 70 теңге тұрады. Оны ішімдікке айналдыру үшін, оған үлкен көлемде су құяды. Әзірге дәріханадан алған спирт кесірінен зардап шеккендер тіркелмеген. Алайда, алкогольдік ішімдіктерден уланып жатқандар көп екен. Дәрігерлердің айтуынша, көп ретте емделушілер ол туралы айта бермейді.

“Ішімдікке әуес адамдар, енді белгілі бір деңгейде экономикалық тұрғыда қаржыларын үнемдейтін шығар. Жалпы, алкогольдік тәуелділік дегеніміз – бұл ауру. Егер, қатты беріліп кеткен адамдарды бағаның қымбаттауы да тоқтата алмауы мүмкін”, – дейді наркологиялық диспансер директорының орынбасары Алпыс Аманжолов.

Баға осыған дейін де бірнеше мәрте қымбаттағанына қарамастан, ішкендер саны азаймаған. Бірақ, дәрігерлердің мәліметінше, жас адамдар арасында соңғы жылдары ішімдікке құмарлар саны төмендеген.

Талқылау