Қазақстанда арақ қайтадан қымбаттайды

Дүйсенбі, 15 Ақпан , 2016 9:56

Қазақстанда ішімдік құны шарықтайтын болды. Бағаны өсіруге бағытталған жобаға қол қойылуға жақын. Литріне ең төменгі баға 1300 теңгені құрамақ.

138438

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұл арзан ішімдікке деген сұранысты көбейтетіні сөзсіз. Қазірдің өзінде, қазақстандықтар дәріханаларға спирт алу үшін жиі баратын болған. Фармацевтердің айтуынша, қазір этил спирті трендте тұрған көрінеді. Дәріханаларда ол, дүкендердегі кейбір арақ өнімдері секілді 12.00 мен кешкі 21.00 аралығында сатылады екен.

50 мл этил спирті 70 теңге тұрады. Оны ішімдікке айналдыру үшін, оған үлкен көлемде су құяды. Әзірге дәріханадан алған спирт кесірінен зардап шеккендер тіркелмеген. Алайда, алкогольдік ішімдіктерден уланып жатқандар көп екен. Дәрігерлердің айтуынша, көп ретте емделушілер ол туралы айта бермейді.

“Ішімдікке әуес адамдар, енді белгілі бір деңгейде экономикалық тұрғыда қаржыларын үнемдейтін шығар. Жалпы, алкогольдік тәуелділік дегеніміз – бұл ауру. Егер, қатты беріліп кеткен адамдарды бағаның қымбаттауы да тоқтата алмауы мүмкін”, – дейді наркологиялық диспансер директорының орынбасары Алпыс Аманжолов.

Баға осыған дейін де бірнеше мәрте қымбаттағанына қарамастан, ішкендер саны азаймаған. Бірақ, дәрігерлердің мәліметінше, жас адамдар арасында соңғы жылдары ішімдікке құмарлар саны төмендеген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев

Пікір қалдыру


Ермек
11 ай 1 күні кері

Дұрыс шешім, алкаголь мен шылымдардың бағасын шарықтатып қою керек. Қалтасы көтере бермейтін болсын халықтың. Ішімдік ұлт денсаулығына зиян келтіреді.

Алмажан
11 ай 1 күні кері

Өз басым темекі мен араө-шарап бағасының шарықтауына қуанамын, кәсіпкерлерге жақсы болар бұл, бірақ ішкіштер саны азаятыны қуантпай қоймайды, сондықтан дәл осы өнімдер қымбаттай берсін

Нұржан
11 ай 1 күні кері

аз болса да нәтиже көрсетіп жатса олда жеңіс

Жұмбақ жан
11 ай 1 күні кері

аз болса да нәтиже көрсетіп жатса олда жеңіс

Олжас
11 ай 1 күні кері

Жалпы сатылмаса да бодады. Мумкин енди буны тутынушылар катары азаяр

Еркин
11 ай 1 күні кері

Арақтың қымбаттағаны дұрыс.Ашық айтқанда көшедегі алқаштардың саны азаяр

Даурен
11 ай 1 күні кері

қымбатқаны жақсы емес па? Тым болмағанда ішкіштер азаяды ғой.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар