Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда аңшылардың әрқайсысы қыс мезгілінде 100-ге жуық қасқыр атып алады

Мұндай қарқынмен 5-6 жылдан кейін қасқырлар саны мүлде азайып кету қаупі бар. Жыртқыштар әлсіз, ауру сайғақтарды көзін жойып, эпидемиялық дамуды болдырмауға үлес қосады.

ffda5503f3036f5118dcea7719228dd2

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Сондай-ақ, жыртқыштар жемтігін бүркіт пен сұңқарлармен де бөлісетін көрінеді.

Елімізде canis lupus деп аталатын евразиялық қасқыр түрі мекендейді. Олардың ірілерінің салмағы 60 келідей тартады. Қазақстанда қасқыр саны тіпті Ресейден көп. Ал, батыс европада бұл жыртқыш түрінің көзі жойылған. Ең соңғы қасқыр Ұлыбританияда 1680 жылы өлтірілген. Сонымен қатар, Дания, Франция, Нидерланды елдерінде де жыртыштарды жойып тастаған.

Қазақстанда облыс әкімдері жыл сайын аңшыларға ақша бөледі. Олар әрібір қасқыр терісі шін 6-12 мың теңгеге дейін алады. Осылайша жыртқыштар санын таразылап отырады.

Талқылау