Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет қатерлі ісікті емдеудің заманауи әдісі қолданылды

Президент іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы алғаш рет интраоталық фотодинамикалық ем жүргізді, деп хабарлайды Президент іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстанда алғаш рет қатерлі ісікті емдеудің заманауи әдісі қолданылды

Аталған ем қатерлі ісікті емдеудің ең тиімді нейрохирургиялық әдістерінің бірі саналады. Яғни аталған әдіс кезінде фотодинамика қатерлі ісікпен жасушалық деңгейде күреседі. Пациентке фотосенсибилизатор аталатын арнайы препарат енгізіп, өз кезегінде ол қатерлі жасушаларда жиналып, оны жарыққа сезімтал етеді.

Ал дәрігер «көрсетілген» қатерлі ісік жасушаларының шоғырына лазерді бағыттаған кезде, олар жарық толқындарының әсерінен жойылады. Мұндай әдіс терінің, ауыз қуысының қатерлі ісігінде күре тамыр ішінде және жергілікті жолмен қолданылады. Ал тыныс жолдарының, асқазанның, ас қорыту жолдары мен ішектің қатерлі ісігінде эндоскопиялық жолмен қолданылады екен.

«Пациентте аналық бездің қатерлі ісігі болды. Ол құрсақ қуысына жайылып кеткен. Науқасқа метастаздарды жою бойынша үшінші ота жасалды. Мұнан кейін ол химиотерапияның 6 курсын алды. Біз ПЭТ-ке қорытынды зерттеу жасап, екі кішкентай қатерлі ісік ошағын көрдік. Дәрігерлер кеңесі ішектерді біріктіріп, зерттеу кезінде көргендеріміздің бәрін алып тастау үшін, санитарлық ота жасау туралы шешімге келді», – дейді аурухананың бас онколог дәрігері Насрулла Шаназаров.

Бұл жолы пациентті жаңа ауру ошақтарының пайда болуынан сақтау үшін, дәрігерлер отамен қатар фотодинамика жасауды ұйғарған. Ота кезінде енгізілген препарат диагностика кезінде аңықтау мүмкін болмаған зақымдалған жасушаларды «көрсетті».

Дәрігер Шаназаровтың сөзінше, ПЭТ жасалғанда, дәрігерлер екі метастазды көрген. Мұнан кейін тағы бірнеше метастазды тауып, оларды жойған.

«Алайда басқалары жоқ екенін кепіл қайда? Біз осылай болатынын алдын ала болжап, ота аяқталғанға 2 сағат қалғанда, фотосенсибилизатор енгіздік. Ота аяқтала салысымен, мен зақымдалған жасушаларды лазермен сәулелендіру арқылы емдедім», – дейді онколог.

Интраоталық фотодинамикалық ем отаның әсерін жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қатерлі ісікті емдеу мақсатында қолданылып жүрген әдістермен салыстырғанда, жанама әсері жоқ. Бүгінде оны онкологтар мойындап отыр. Қазақстанда мұндай емдеу әдісі алғаш рет қолданылды. Әзірге ол Президент іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында ғана жүргізіледі.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар әлемдегі қатерлі ісік індетінің негізгі себебін атады

Ғалымдар таза ортаның балалар үшін қауіпті екенін анықтады

Ер адам баласын суға сүйреп бара жатқан төрт метрлік қолтырауынды жеңіп, ұлын құтқарды

Қытай әр отбасындағы бала санына қатысты шектеуден бас тартуы мүмкін

Талқылау