Қазақстанда алғаш рет Балалар университеті ашылды

Сенбі, 29 Сәуір , 2017 17:16

Жамбыл облысындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің қабырғасында Балалар университеті өз жұмысын бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170429085053

ТарМПУ ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асанның түсіндіруінше, “Kids University” жобасының аясында Тараздағы мектеп оқушылары жаңа технологияларды игере алады. Жоба оқушылардың шығармашылық біліктіліктерін арттыруға бағытталған. Сабақтар сегіз бағыт бойынша өткізіледі.

“Мұнда оқушылар жаңа технологияларды игеріп, зерттеулер жасайды. Қазіргі таңда жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін арттыра түсу, инновациялар енгізу, оны қолданысқа енгізу өте маңызды. Жобаның мақсаты – оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартып, оларды ғылымға қызықтыру, біздің балалардың интеллектуалдық потенциалын ашу”, – дейді университет өкілі.

Институт ғалымдары оқушыларды химия, биология, физика, робототехника саласы бойынша зерттеулермен таныстырады. Мұнда “Ақпарат және есептеу техникасы”, Математика және математика әдістерін үйрету”, “Физика және физика әдістерін үйрету”, “Электротехника”, “Радиотехника”, “Электроника негіздері”, “Мектептегі робототехника” кафедралары жұмыс істейді.

Аудиториялар оқу-методикалық құрылғылармен жабдықталған. Жоба аясында тағы да “Дизайн”, “Өнертабыс өнері”, “Спорттық жаттығулар”, “Сурет салу және сызу”, “Хореография”, “Алғашқы әскери дайындық”, “Музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету” секциялары бойынша шеберлік сыныптары өткізеді.

Оқи отырыңыз:

Үйін су шайған 10 жасар Махаббатқа бүгін кәсіпкер ағасы пәтер кілтін табыстады (видео)

Мәдениет басқармасының қызметкері Қазыбек бидің сіңірген еңбегі жоқ деп жар салды (видео)

8 жасар қызды педофильден құтқарған оқушы: Гранттан бас тартқан жоқпын

Ораза ұстау кезінде жіберетін 10 қателік

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар