Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет автокөлікті онлайн сатып алу сервисі іске қосылды

Ендігі уақытта қазақстандықтар автокөлікті онлайн түрде таңдап, несиеге өтінім бере отырып, құжаттарды онлайн рәсімдей алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Allur компаниялар тобының құрамына кіретін AllurAuto Еуразиялық банкпен бірлесіп, отандық нарықта автомобильді толықтай қашықтан сатып алу мүмкіндігін жасап отыр. 
Қазақстан мен ТМД-да теңдесі жоқ қызметті алу үшін автосалонға келудің қажеті жоқ, яғни автомобильді таңдаудан бастап, ресімдеуге дейінгі шараның барлығы онлайн AllurAuto сайтында жүргізіледі. 

Атап айтқанда тұтынушы Chevrolet, KIA, Jac және Mitsubishi автокөлік маркаларының бірін таңдап, ұялы телефон арқылы тапсырыс бере алады. Несиенің шешімі 10 минуттың ішінде белгілі болады. Оңтайлы шешімнен соң, авто орталық көлікті есепке қойып, оның техникалық құжатын әзірлейді. Автокөлік онлайн ресімделген соң, клиентке тікелей жеткізіледі. 

Осылайша Allur компаниясы Еуразиялық банкпен бірлесіп, автокөлік сатып алудың цифрлық қызметін ұсынып отыр.

Онлайн түрде автокөлік сатып алудың бір бөлігі Еуразиялық банктегі сәйкестендіру технологиясы арқылы жүзеге асырылады. Яғни арнайы технологияның көмегімен адамның бет-бейнесін тану арқылы бар-жоғы 5-10 минуттың ішінде тұтынушы қажетті қызметті ала алады. 

"Бүгін біз Қазақстан ғана емес ТМД аумағы бойынша алғаш рет автокөлікті онлайн рәсімдеп, сатып алу қызметін іске қосып отырмыз. Біздің компания Қазақстанда автомобиль жасау мен сатуда көшбасшы компания болып саналады. Биыл жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылау рейтингі бойынша Allur алғашқы қатардан көрінді. Жаңа сервис арқылы автокөлікті сатып алу алдағы уақытта одан әрі жеңілдей түседі. Қазақстандықтар біздің автомобильдерді жылдамдық пен әдемілігі үшін ұнатып, таңдайды. Еуразиялық банк арқылы аз уақыт ішінде онлайн несие рәсімдеп, автокөлікке ие болу мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта аталған жаңа қызмет Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы тұрғындары үшін қолжетімді, алдағы уақытта барлық қазақстандықтар қолдана алады", – деді Allur компаниялар тобының бөлшек сауда жөніндегі басқарушы директоры Мұхамед Әлімханов жаңа қызметтің ашылу салтанатында. 

Жалпы Allur компаниясы автомобильді өндіру мен сату процесін цифрландыруды өткен жылдан бастап қолға алған. 

Сондай-ақ автокөлікті көзбен көріп таңдағысы келетін тұтынушылар үшін AllurAuto дилерлік орталықтарында әр автокөлікке QR кодтар қойылған. Сол арқылы салондағы кез келген автомобильмен танысып, таңдай алады. 

"Біз Allur компаниясымен бірлесіп, тұтынушыларға автокөлікті біздің банк арқылы онлайн түрде ресімдеу қызметін ұсынып отырмыз. Бұл 100 пайыз онлайн қызмет және ол биометрия (бет-әлпетті сканерлеу) арқылы жүргізіледі. Содан соң тұтынушының электронды цифрлық қолтаңбасы алынады, сол арқылы тұтынушыға қатысты барлық жеке мәліметтер жинақталады. Қызметті біздің банктің мобильді қосымшасы арқылы алуға болады, біз өткен жылы мобильді қосымшаны толықтай жаңаладық. Жалпы біздің банкте қызметті цифрландырумен шұғылданатын арнайы бөлім бар. Еуразиялық банк автобизнесте бұрыннан көшбасшы болып табылады. Біздің банк Қазақстанның барлық өңірінде басқа да компаниялармен серіктес. Біз Қазақстанда бренд болып саналатын Allur компаниясымен бірлесіп, жаңа жобаны іске асырып жатқанымызға қуаныштымыз. Бүгінде елімізде барлық сала бойынша цифрландыру жүріп жатыр, осы орайда бізде заманауи қызметті ұсынып отырмыз. Автокөлікті онлайн рәсімдеуде тұтынушыдан тек ЖСН мен ұялы телефон нөмірі сұралады. Сол жетіп жатыр, барлық мәліметтерді біз ЖСН арқылы ала аламыз. Бұл өте тиімді, себебі клиентке ешқайда барудың қажеті жоқ және шешім тез арада шығады, яғни күтіп отырмайсыз. Тіпті үйден шығудың да қажеті жоқ”, – деді Еуразиялық банк төрағасының орынбасары Иван Белохвостников.

Талқылау