Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақының жаңа түрі енгізілді

Биылғы жылдың шілде айынан бастап Қазақстанда жаңа әлеуметтік жәрдемақы түрі енгізіледі. Аталған көмек түрі кәмілеттік жасқа толмаған бірінші топ мүгедектерінің қамқоршыларына арналған. Мемлекеттің бұл қамқорлығынан шамамен 14 мың отбасы үмітті.

Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақының жаңа түрі енгізілді

Бұл туралы “24-Хабар” арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін әлеуметтік жәрдемақы 18-ге толмаған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ата-аналарына төленіп келген еді.

Астана тұрғыны Нағима Жұмабектің ұлы – бала күнінен бірінші топ мүгедегі. Ол – 28 жаста. Жас жігіт бас-ми жарақатын алған. Өткен жылы оның отбасына 3 бөлмелі пәтер берілген. Алайда мүгедек жанның қамқоршысы ретінде әйел көмек алып көрмеген.

“Тек зейнетақысын алып келдік. Ал 18-ге жасқа толғанға дейін бірде бір рет жәрдемақы алмадық. Аспаз болып түнгі ауысымда жұмыс істеймін. Ержанның қасында міндетті түрде біреу болуы керек. Ал түнгі уақытта күйеуім мен қызым үйде. Күндізгі уақытта біреуі жұмыста, екіншісі сабақта”, – дейді Нағима Жұмабек.

Бірінші топ мүгедектеріне қамқоршылық ететін тұлғаларға әлеуметтік жәрдемақы шілде айынан бастап беріледі. Мемлекеттен берілетін ақша көлемі – кемі 29 699 теңгеден басталады. Бұл орайда мүмкіндігі шектеулі азамат пен қамқоршысының бір елді мекен аумағында тұруы шарт.

Тағы бір атап өтетін жайт, кәмілеттік жасқа толмаған, қабілеті жоқ немесе нарко-психодиспансерде есепте тұрған тұлғалар көмек ала алмайды.

“Егер отбасында 2 не одан да көп 1 топ мүгедегі болса, әлеуметтік жәрдемақы отбасының әр мүшесіне төленеді. Өтінішті мүмкіндігі шектеулі азаматтың өзі жазып, өзіне қамқор болатын адамды атап көрсетуі қажет. Сондай-ақ, ол бір жыл ішінде қамқоршысын екі ретен дейін ауыстыра алады”, – дейді еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің төраға орынбасары Дәмежан Сәдуақасова.
Бұған дейін әлеуметтік жәрдемақы бала жасынан мүгедек тұлғалардың ата-аналарына ғана төленіп келді. Елімізде аталған жәрдемақыдан 14 мың отбасы үмітті бола алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар