Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әлем бойынша алғаш рет бір адамның жүрегі екінші рет ауыстырылды

Қазақстандық дәрігерлер әлем бойынша алғаш рет жасанды жүрекпен жүрген науқасқа донорлық жүрек салды. Естеріңізде болса, 2017 жылдың желтоқсанында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында емделіп жатқан 60 жастағы Құнанбай Абыраевқа жасанды жүрек салынған болатын. Ол терминал сатысында ауыр жүрек жеткіліксіздігінен зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Қазақстанда әлем бойынша алғаш рет бір адамның жүрегі екінші рет ауыстырылды

Құнанбай Абыраевқа салынған жасанды жүрек 1 еуро тұрады. Жасанды жүректы GARMAT компаниясының мамандар тобы Airbus компаниясының бірлесе отырып жасаған болатын. Олар 1 еуроға бағанататын жасанды жүректі қазақстандық науқасқа тегін берді. Осылайша, жүрек жеткіліксіздігінен зардап шеккен Құнанбай Абыраевқа ота жасалып, жасанды жүрек салынды. Дегенмен, араға тоғыз ай салып, Құнанбай Абыраевқа донор табылды

«Бүгін біз жаңа ота туралы айтып өткіміз келеді. Тоғыз ай бұрын жасанды жүректі имплантациялаудан өткен науқасқа донорлық жүрек салынды. Науқасқа жасалған ота сәтті өтті. Жасанды жүрек салынған адамның жүрегін екінші рет трансплантациялау әлем бойынша алғаш рет жасалып тұр»,-дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой.

Дәрігерлер бастапқыда науқасқа донорлық жүректі трансплантациялау мүмкін емес екенін түсіндірді, себебі оның басқа органдарында қиындықтар туындаған.

«Тоғыз ай бұрын ол донорлық жүрекке дайын болмады. Себебі бауыр, өкпе және тағы басқа органдарының функциясы нашарлап кетті. Ал жасанды жүректі салғаннан кейін жағдайы жақсарды, өкпе артериясындағы қан қысымы да қалпына келді. Осындайда донорлық жүректі салуға болады. Сөйтіп, үш айдан кейін пациенттің жағдайы жақсарғаннан кейін біз донорлық жүректі іздеуге кірістік», – деді орталық басшысы Юрий Пя.

Юрий Пяның айтуынша, жасанды жүректі донорлық жүрекпен алмастыру операциясы 12 сағатқа созылды. Әлем бойынша алғаш рет жасалған отаны шетелден 30 жуық дәрігер көруге келді.

Оның орынбасары Махаббат Бекбосынованың сөзіне қарағанда, ота жасалған науқастың жағдайы жақсы, тіпті теледидар көріп, палатада қалыпты өмір салтын жүргізіп жатыр екен.

Ал донорлық жүректі жас жігіттің туған-туыстары беруге келісті. Ол қайтыс болғаннан кейін оның бір емес, бірнеше ағзасын науқас адамдарға таратып берді. Дәрігерлер, заң бойынша талап етілгендей, донордың аты-жөнін жария қылмады. Бірақ Махаббат Бекбосынова басқа адамдардың өмірін құтқарып қалғаны үшін оның ата-анасына алғысын білдірді.

«Біз ол жігіттің ата-анасына мың алғыс айтамыз. Олар жүректі ғана емес, бүйректі де, бауырды да беруге келісті. Осылайша, бір адам, кем дегенде, төрт адамның өмірін сақтап қалды», – деп атап көрсетті орталық басшысының орынбасары Маxаббат Бекбосынова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау