Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда оқушылар алдағы жылдары аптасына бес күн ғана оқуы мүмкін

Билік өкілдері барлық сынып оқушылары үшін сенбі күнін ресми түрде демалыс күні ретінде жариялауды қарастырып жатыр.

79699870-5266-435F-9FF9-128210C4C878_mw1024_s_n

Бұл туралы Yk-news.kz хабарлайды.

«Қазір осы мәселені қолға алып жатырмыз. Министрлік пен академияға ата-аналар тарыпанан сабақ күндерін қысқарту туралы өтініштер келіп түсті. Біз қазір осы тұрғыда зерттеу жүргізіп, оқушылардың сабақ кестесін, жоспарын, басқа да ауыртпалықтарын тексеріп жатырмыз. Көрсеткіш нәтижесін Білім және ғылым министрлігіне ұсынамыз. Соған орай, министрлік өкілдері шешім шығаратын болады», – деді вице-президенті Мәриям Мұқанова.

ҚР Ұлтық білім акаемиясынының мәліметінше, оқу күнін қысқарту мәселесі барлық сынып оқушыларына қатысты қарастырылып жатыр. Бұған дейін тек бастауыш сынып оқушылары ғана сенбі күні демалатыны туралы айтылған болатын. ҚР Ұлтық білім акаемиясынының аталған мәселеге қатысты қашан шешім шығаратыны әзірге белгісіз.

Талқылау