Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алдағы күндері қырық градустық аяз болады

17-19 қараша күндері Қазақстанда 40 градусқа дейінгі аяз күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

xw_1051007

«Үскірік аяздар Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарына келді. Бұл аудандардағы орташа тәулік температурасы осы кезде болатын климаттық нормадан 10…18 градусқа төмен. Мұндай аяздар Кар теңізінің үстінде түзілген салқын әрі күшті антициклонның ықпалымен келді. Республика аумағындағы антициклонмен бірге арктикалық ауа массалары да түсуде, сондықтан ең төменгі температура 30…36 градусқа дейін түсті», – делінген хабарламада.

Мұндай синоптикалық жағдай алдағы үш тәулікте сақталады, ал орталық пен шығыста түнгі температура төмендей береді, тіпті кей аудандарда -40 градусқа дейін суытады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында суық ағымдардың әсерінен жауын-шашын мен қар жауады және температура төмендейді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда бес күн бойы қар жауады

62 жастағы миллионерге тұрмысқа шыққан 27 жастағы модель той суреттерін көрсетті (фото)

Қытайда той қонақтары жас жұбайларды елдің көзінше секспен айналысуға мәжбүрледі (видео)

Талқылау