Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда АИ-95 және АИ-92 жанармайларының бағасы төмендеді

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС компанияның туған күніне орай АИ-95 және АИ-92 маркалы жанармайлардың бағасын қосымша төмендететінін мәлімдеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстанда АИ-95 және АИ-92 жанармайларының бағасы төмендеді

Сурет: time.kz

1 мамырдан бастап елімізде АИ-95 маркалы жанармай бағасы 10 теңгеге төмендеп, бір литрі 169 теңгеден сатылады. Ал АИ-92 жанармайының бағасы 158 болып белгіленді.

Компанияның туған күніне орай ұйымдастырылған акция көктем мезгілінде қолданылады.

Сонымен қатар компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, «ҚазМұнайГаз» жанармай ақысын төлеудің жаңа тәсілдерін енгізді.

«ҚазМұнайГаз» электрондық талондар, штрих-кодтар арқылы смартфонның көмегімен жанармай ақысын төлеу тәсілдерін енгізді. Бұл клиенттерге төлем жасау ыңайлы болуы үшін жасалып отыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта жанар-жағармай құю станцияларында жанармай ақысын байланыссыз төлеу тәсілін іске қосу жоспарлануда», – делінеді компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз:

Құлыбаев Ресейдегі Высоцк портын бақылау құқығына ие болады

Ұлттық Банк «Qazaq Banki» АҚ-ның депозиттер мен шот ашу лицензиясын тоқтатты

Алматы әкімінен ескерту алған «Атакент» әкімшілігі танымал кафені бұзып тастады (фото)

Құранды жатқа оқудан өткен сайыста жеңімпазға көлік кілті табысталды

Талқылау