Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ағылшын тілінде сабақ беретін 30 мың оқытушы керек

Қазақстанда білім жүйесі үштілділікке ауысатын болса, онда жоғары сыныптарға ағылшын тілінен тәлім үйрететін 30 мың педагог қажет болады.

photo_161512

Сурет tengrinews.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Білім министрі үштілділік жүйесіне көшу процесі кезінде қазақ және орыс тілі мұғалімдерінен еш қиыншылық болмайтынын айтты. Сондай-ақ, министр балаларға ағылшын тілін үйретудің аса қиынға соға қоймасын атап өтті.

“Бізде қазір 365 мың оқытушы бар. Ал барлық мектептерді қамту үшін әлі 32 мың ұстаз керек. Егер әрбір 20-шы мұғалім 3-3,5 жыл ішінде дайын болатын болса, таза ағылшын тілінде сабақ өту үдерісін жеңіл игере аламыз. Оның үстіне әр жыл сайын бізде 13-14 мың жоғарғы оқу орнын тәмамдаған түлектер де бар. Алдағы уақытта бізде оқытушылар құрамы жеткілікті бола алады деп ойлаймын”, – дейді министр.

Білім және ғылым министрі мұғалімдер дайындау мәселесінің бірінші кезектегі шаруа екенін айтты.

Талқылау