Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2021 жылдан бастап ЖОО түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді

Елімізде 2021 жылдан бастап ЖОО-ны тәмамдаған студенттерге мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейтін болады. ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов осылай дейді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстанда 2021 жылдан бастап ЖОО түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді

Вице-министрдің сөзінше, 2021 жылдан бастап Қазақстандағы жоғары оқу орындары түлектеріне өздерінің үлгісіндегі диплом береді. Ал мемлекеттік үлгідегі дипломдар жойылатын болады.

«Сол арқылы олар өздерінің беделіне, білім сапасына, профессорлық-оқытушылық құрамына кепіл береді. Ендігі уақытта мемлекеттік үлгідегі диплом болмайды. Бұл да білім сапасына әсер етеді», – дейді Аймағамбетов.

Айта кетсек, сондай-ақ, білім және ғылым вице-министрі Қазақстандағы педагогикалық ЖОО түлектері сертификаттаудан өтетінін мәлімдеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау