Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2017 жылы үй бағасы қандай болады?

Ең бастысы бағаның тұрақты болуы таңқалдырады. Қазақстан құрылыс салушылары қауымдастығының сарапшысы Дәурен Айткеновтың ойынша, биыл баға түбегейлі өзгермейді.

programma-zhile-dlya-rossijskoj-semi-v-gorode-tomsk-v-2016-godu

Ол баспана бағасына құрылыстың өзіндік құны және құрылыс компанияларының экономикалық қосымша құны кіретінін айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

Теңгенің соңғы құлдырауынан кейін құрылыста өзіндік құн айтарлықтай өскен. Нәтижесінде құрылыс компанияларының табысы төмендеп бара жатыр. Сондықтан, Астанада баспананың ең төменгі шекті бағасы қазіргі уақытта бір шаршы метріне 235-250 мың теңгеден төмен болмауы тиіс. Осы бағадан төмен сатылатын бастапқы нарықтағы нысандарды күдіктілер қатарына жатқызуға болады, сала мамандары оған ақша салмауға кеңес береді. Баға айтарлықтай төмен болған жағдайда құрылыс сапасы да нашар болады немесе бұл тұрғын үйлер соңына дейін салынбайды.

Баспана бағасына не әсер етеді?

Астанада баспанаға сұраныс жыл сайын өсіп келеді. 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі аралықта жылжымайтын мүлік нарығындағы сұраныс жыл сайын орта есеппен 20% өскен. Осы уақытта табиғи өсім мен ішкі көші-қонды қоса алғанда, халық санының артуы жылына 40 мыңға жуық адамды құраған. Астанада адам санының өсуімен баспанаға сұраныс та артады. Оған «Нұрлы жер» бағдарламасы да ықпал етеді. Сондай-ақ, қолжетімді ипотека сұраныстың артуын ынталандырады.Ұсынысқа қатысты айтатын болсақ, екінші және бірінші нарықтада да ұсыныс көп.

Сұраныс пен қолжетімді несие бағаның өсуіне ықпал етуі мүмкін. 12 жыл ішінде нарықтағы мүлік бағасы 3 есе өсті және болашақта да осылай болып қала береді.

Бұл жағдай экономикада, девальвацияда және нарықта мүлікті алыпсатарлар көбейіп, күрт өзгеріс болса, басқаша бағыт алуы мүмкін.

2015 жылдың желтоқсанында екінші нарықтағы мүлік бағасы шаршы метріне 468 мың теңге болып, рекордтық көреткішке жетті. 2016 жылдың қаңтарында бірінші нарықта мүлік бағасы 362 мың теңге болды. Бағаның бұлай өзгеруі бірден болған девальвацияға байланысты болып отыр.

Кейін нарықтық экономикада, әдеттегідей, баға өз қалпына түсті. 2016 жылы екінші нарықтағы баға 20%-ға, бірінші нарықта 14-%-ға төмендеді.

2017 жылы мүлік нарығындағы баға тұрақты болады. Яғни, «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ қолжетімді несие халықтың төлем қабілетін арттыруға ықпал етеді. Ал, бұлар – осы жылдағы құрылыс саласы дамуының негізгі факторлары.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандағы үй бағасы ең арзан және ең қымбат қалалар

Қазақстанда ең көп және ең аз жалақыны кімдер алады

Қазақстанда бензин бағасы тағы да қымбаттайды деп болжануда

Талқылау