Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 16 жастағы жасөспірім өзін өртемекші болған бауырын құтқарамын деп хал үстінде жатыр

Ақмола облысында жас жігіт өзін өртеп жіберші болды. Алайда, өзіне қол жұмсамақшы болған азаматтың інісі ағасын құтқарамын деп, жарақат алды. Қазір ағалы-інілі жігіттер аурухананың жансақтау бөлімінде хал үстінде жатыр.

Қазақстанда 16 жастағы жасөспірім өзін өртемекші болған бауырын құтқарамын деп хал үсінде жатыр

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқиға он екінші шілдеден 13-іне қараған түні Макинск қаласында болды. Алдын ала деректер бойынша, 24 жастағы жігіт үстіне бензинді құйып, өзін өртеп жібермекші болған.

Алайда, ағасының өзін өртегелі жатқанын көрген 16 жастағы жас жігіт бауырын құтқарамын деп, өзі зардап шекті. Нәтижесінде, екеуі де Бұланды орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті.

«Жансақтау бөліміндегі жатқан науқастардың жағдай өте ауыр. Олардың жағдайы көлікпен тасымалдауға келмейді. Қазір облыс мамандарымен үзбей кеңес жүргіп жатырмыз», – деді облыстық аурухананың бас дәрігердің орынбасары Александр Савченко.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау