Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 15 мыңға жуық сектант бар

Иманғали Тасмағамбетов дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүргендерді оңалту бойынша жұмысты жандандыруға шақырды.

9292317

Фото: Радик Амиров

Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 15 мыңға жуық діни жат ағымдарды қолдайтын адамдар өмір сүреді, деп хабарлады республика премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов хатшылығы.  “Дерадикализация —  бұл мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың бірігіп, барынша күш салып жұмыс жасайтын сала.

Бүгінде тек 22 қоғамдық ұйым дін саласында кеңес беру және оңалту көмегін көрсетумен айналысады. Бұл жалпы ҮЕҰ санының 0,12 пайызы ғана. Ресми статистикалық мәліметі бойынша елде 15 мың жуық адам діни жат ағымдарды қолдайды”, — деді  вице-премьер Астанада өтіп жатқан VII Азаматтық форумда.

Бұл ретте, Тасмағамбетовтың сөзіне қарағанда, тек Астана, Көкшетау, Қарағанды, Таразда ғана екіден көп орталық жұмыс жасайды, Петропавлда бірде-бір оңалту орталығы жоқ.  Оңтүстік Қазақстан облысында үш мыңға жуық тыйым салынған діни ағымдардың ізбасарлары бар. Алайда, аталған облыста тек бір ғана үкіметтік емес “Нұр-Мұра” ҚБ ұйымы дін саласында кеңес беру және оңалту мәселесімен айналысады.

Жіберіп алмаңыз:

Ақын Баянға өлең арнады: Сен жалғыз әйел емессің, байының жеген таяғын

Лаңкестерді өлтірген ақтөбелік «Жыл полицейі» атанды

Орыс қария жарты ғұмырын Абайды бейнелеуге арнаған (фото)

Жеткіншек соғыста қаза болған досының өтініші бойынша жерлеуіне көйлек киіп келді (фото)

Талқылау