Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 136 мың кәсіпорын мен мекеме жұмысшыларын демалысқа жіберді

Қазақстанда 12 мыңға тарта мекеме зейнетақы қорына жұмысшылары үшін аударатын төлемін азайтқан деп хабарлады бүгін Астанада үкіметтің селекторлық жиынында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

тамара

Оның сөзінше, республикада 700-ге тарта мекеме жұмысшыларының зейнетақы төлемін мүлдем аудармаған. Зейнетақы аударымдары үшін төленетін қаржы жыл басымен салыстырғанда екі есеге артып, 2,7 миллиард теңгеге жеткен.

Министр бұған қоса 136 мекеме мен кәсіпорын жұмысшыларын жалақыларын сақтамай демалысқа жіберген, толық емес жұмыс күніне көшірген және тек 50 пайыздық төлеммен демалысқа жібергенін айтады.

Үкіметтің бүгінгі жиынында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен аптада үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктеген тапсырмалары талқыланған.

18 қарашада өткен үкіметтің кеңейтілген жиынында импорт, экспорт көлемінің кәдімгідей азайғаны, төлем балансының тапшылығы және инфляцияның болжанған шектен асып кеткені айтылған.

Талқылау