Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бетті тұмшалайтын киімге тыйым салу заңы қарастырылып жатыр

Қазақстанда қоғамдық орындарда бетті жабатын киім киюге тыйым салу заңнамасы талқылау үстінде.

bdbd367ef30d291938d85f4ddad8d8f1

Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

«Қоғамдық орындарда бетті жабатын киім киюге заң жүзінде тыйым салу туралы ұсыныс түсті. Бұл қазір халықаралық тәжірибеде бар», – деді министр.

Министр бұл ұсыныстың азаматтық қоғам атынан түскенін атап өтті.

«Осылай киінетін адамдар қоғамда қалыптасқан рухани құндылықтарға қарсы шығады. Олар өзгелерге кері әсер етеді», – деді Ермекбаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл тыйым сарапшылардың талқысында. Қандай да бір өзгертулер де болуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

Дін істері министрі: Шетелде алған діни білім елімізде қызмет етуге жарамайды

АҚШ-та ерлі-зайыпты Ресейден асырап алған баласын зорлап келген

Ақтөбеде Әнұранға құрмет танытпаған сақалды жігіттер елдің ызасын келтірді (видео)

Талқылау