Қазақстан зиялылары жердің шетелдіктерге жалға берілуін қолдады

Сәрсенбі, 18 Мамыр , 2016 12:19

Бүгін Алматы қаласында “Нұр Отан” партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстел басындағы кездесу барысында бұл мәселе басты тақырыпқа айналды.

ыыввы

Бұл туралы nurotan.kz хабарлайды.

Жер реформасын талқылауға Қазақстанның ғылыми және шығармашылық интеллигенциясының жүзге жуық өкілі қатысты. Олардың ішінде Қазақстанның Ұлттық ғылыми академиясының төрағасы Мұрат Жұрынов, Қазақстан жазушылар одағының жетекшісі Нұрлан Оразалин, Халық әртістері Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов, Ескендір Хасанғалиев, Лаки Кесоглу, танымал ғалым-академиктер Төрегелді Шарманов, Еділ Ерғожин, Аманжол Қошанов, Нағима Айтқожина мен Әлия Бейсенова, белгілі жазушылар Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев пен Валерий Михайлов және де шығармашылық одақтардың жетекшілері мен алматылық ЖОО ректорлары қатысты.

Сонымен қатар, кездесуге ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров қатысты.

Жиналғандар алдында сөз алған Мұхтар Құл-Мұхаммед Жер реформасы жөніндегі комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылғанын және де Жер кодексінің қоғамда үлкен дау тудырған бірқатар нормаларына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі мораторий енгізгенін жеткізді.

“Елбасымыз халықтық мүдденің ол үшін алғашқы орында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұндай кең ауқымды жалпыұлттық диалог қазақстандықтарды мазалап отырған жерге қатысты барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіні сөзсіз”, – деді кездесу барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Қазақстан аумағында ауыл шаруашылық мақсатта жүз миллионнам астам гектар алқап пайдаланылады. Жерге жеке меншік институты орнағаннан кейінгі 13 жылда осы жердің небәрі 1,3 миллион гектары, яғни бір пайыздан сәл асатын алқап сатып алынды. Қалған жерлер жалға алынып отыр.

Шетелдік компаниялардың Қазақстанда ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді жалға алу құқығы 2003 жылдан бері енгізілген. Қазіргі кезде олар небәрі 65 мың гектар жерді, яғни 0,065% алқапты жалға алуда.

Мұхтар Құл-Мұхаммед жиналғандарға жерді жалға беру институты аграрлық секторға ұзақ мерзімдік капитал тарту үшін қажет екенін айтты. Онсыз ауыл шаруашылық сектордың отандық экономиканың локомотивіне айналуы екіталай.

“Соңғы өзгерістерге сәйкес шетелдік инвесторлар үшін ауылшаруашылық бағытта пайдаланылатын жерлерді бұрыңғыдай жалға алу мүмкіндігі сақталған, оның өзі қатаң шарттармен беріледі. Жалға алудың ең ұзақ мерзімі ғана 10-нан 25 жылға ұзартылған”, – деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысының жер мәселесін жалпыхалықтық талқылауға шығару жөніндегі шешімін толығымен қолдады.

“Президент осы мәселенің түйінін тарқатты. Мемлекет басшысы үшін де, барлық қазақстандықтар үшін де жер ұғымы қасиетті мәнге ие. Біздің кең-байтақ жеріміздің ешбір бөлігін ешуақытта шетелдіктер иеленбейді. Дегенмен, жер еліміздің экономикасына пайда әкелуі тиіс. Шетелдік инвестицияларды тартып, ауыл шаруашылық жерлерді өңдеудің заманауи технологияларынан неге бас тартуымыз керек? Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Сол себепті мен шетелдік инвесторлардың жерді жалға алуын қолдаймын. Ашуға бой алдырмауымыз қажет”, – деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының төрағасы Мұрат Жұрынов.

Кездесуде, сондай-ақ, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин сөз алды. Ол сенбі күні Астанада өткен Жер мәселесі жөніндегі комиссияның алғашқы отырысының нәтижелерін Қазақстанның ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері жоғары бағалайтынын айтып өтті.

“Тұран” университетінің ректоры Рахман Алшанов “Біз өзіміздің ауыл шаруашылық жерлерімізді инвестиция тарту құралы ретінде қарастыруымыз қажет. Оның көмегімен біз аграрлық секторды дамытып, астық өнімділігін арттырып, мал басын көбейту, шикізат өңдеу көлемін арттырып, жаңа кәсіпорындар салып, экспортқа шығару, он мыңдаған жұмыс орындарын құруға және де осылайша аулымыздың жағдайын жақсартуға мүмкіндік аламыз. Жерімізге деген шынайы жанашырлық деп осыны айт. Өз басым Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту мәселеріне қатысты осындай заманауи көзқарас ұстанатынына қуаныштымын”, – деді.

Қазақстанның ғалымдары, мәдениет мен өнер қайраткерлері жер реформасын халық арасында түсіндіруге белсене атсалысатынын айтты.

«Нұр Отан» партиясы осы сияқты кездесулерді тұрақты түрде Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Менде қазақпын. says:

    Зиялылар…, зиялылар, тағыда зиялылар. Күлкімді келтірмеңдерші. Олар біздің елімізде барма? Барын халық біледі, силайды, ол кісілердің атын атап,түсін түстемесекте. Бұлар өз жағдайын күйттеген жаман-арамза тобыр ғой.Өңшең жағымпаз тобыр. Намыс жоқ, бұлардан жастарымыз не үйренеді. Осылардың жігерсіздігінен осындай елде өмір сүріп отырмыз. Бұлар бүгін бұлай
    ертең ұялмастан басқаша сайрайды.
    Зиялы деген аттан садаға кетсін.

  • Жұмбақ жан says:

    Арине дурыс айтасыздар оз уйлерин берип корсин жалга колдарынан келер мекен, халык талкылауына беремиз дейди ол дегени халыктын ой пикирин ешким сурап жаткан жоккой шет елди жарылкаганша озимиздин казактарды тартсын сол жумыска каншама адам журген жокпа жумыссыз уйсиз-куйсиз.

  • Жұмбақ жан says:

    Асанəлі ата Ата болдыңыз,” қызжібекте”ЕЛін жерін қорғаған батыр едіңіз ,нағында олай емес екен.төлегеннің тусыртынан атып едіңіз, ол сіздің қаныңызда бар екен.артық кетсем кешіріңіз. Сізді əулиедей көрүшедім.

  • Жұмбақ жан says:

    САТҚЫНДАР! Бұлар елдің болашағын емес, қара бастарының пайдасын ойлап жүргендер

  • Жұмбақ жан says:

    Бұндай зиялылардың атасына нəлет!
    Өздерінің үйлерін берсін жалға қытайларға.

  • Жұмбақ жан says:

    Саткындар,халыктын пiкiрiнде сураган жок.Мен КАРСЫМЫН!!!!!

  • Қонақ says:

    Смағұл Елубаев ағамыз пікір айтпағанба,
    Қалғандарының не айтқанын шамалаймыз.

  • Жұмбақ жан says:

    Егер Қазақтың жерін игері, көркейткісі келсе өз қазақтарымызға неге бермейді . Жалға да емес, сатып та емес. Егер қазақтар ұлан байтақ жерді иемдене отырып, қалай игеру керек екендігін білмесе, жоғарыда отырған аға-апалар ау, сол шет елге қандастарымызды жандары ашыса, неге оқытпайды. Бәрі де болар іс болғаннан кейінгі бос сандыраққа ұқсас.

  • орда says:

    Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов, Ескендір Хасанғалиевдер қолдаған болса, олар жәй ғана кәрі кісілер ғой,өз ойлары жоқ. Көпшілікпен бірге ИӘ дейсалған ғой. Кейбір үлкен кісілер қартайғанда ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін түсінбейді,бұндайды АЛЖУ дейді. Абырой-қадірінен айырылды-ау халық алдында.

  • Жұмбақ жан says:

    Саткындар елін жерін саткандар екі дүниеде оңбайды Алланың қарғысы жаусын Өзіміз дың қаншама бауырларымыз жүр үйі жоқ соларға тегін берседе жарасады

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар