Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан жұлдыздары бір күн мұражайда жұмыс істеді

ҚР Ұлттық мұражайында  этрада жұлдыздары саяхат жүргізушісі болып, келген қонақтарды ондағы  экспонаттармен таныстырды.

Музей1112

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

-Біз бұл кездесуді ҚР Тұңғыш президент күніне арнап жасадық. Мұражайдағы тарихи экспонаттармен танысуға, көруге елге беделді, белгілі  адамдар келді, – деді мұражай директоры Дархан Мыңбай.

“Жұлдызды гид” акциясын ҚР Ұлттық мұражайы ұйымдастырды. Бүгін мұражайда  Қарақат Әбілдина, Құрмаш Маханов, Қалқаман Сарин, Клара Төленбаева, Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров және Гүлнұр Оразымбетовалар қызметтік киімді киіп, саяхат жүргізушісі болды.

музей333

Міселен, Қарақат Әбілдина өз қонақтарын алтын залына апарды. Маржан Арапбаев қонақтарын  замануаи өнермен, Клара Төленбаева Тәуелсіздік залымен таныстырды. Досымжан Таңатаров – этнография залын, Құрмаш Маханов – тарих залын көрсетті. Қалкаман Сарин көне тарих және оның экспонаттарымен таныстырды.  Гүлнұр Оразымбетова Астана залын көрсетті.

Бұл кездесуден кейін кешке концерт болады деп күтілуде.

музей

музей444

 

 

 

Талқылау