Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан жоғары оқу орындары ең арзан ел деп танылды

Қазақстан жоғарғы оқу орындарында оқыту бағасы ең арзан ел деп танылды деп хабарлайды Anadolu түрік агенттігі Akare шетелде көрмелерді ұйымдастыру және қызмет көрсету агенттігіне сілтеме жасап.

Happy group of students

 

Рейтингті құру кезінде ЖОО-ларда оқыту құны, студенттердің тұратын орны және күнделікті шығыстары секілді факторлар ескерілді.

Рейтингке сәйкес бағасы бойынша ең қолжетімді Қазақстан университеттері болып табылады. Бұл елде бір жыл оқуға бір студентке 4,5 мың доллар кетеді, мемлекеттік ЖОО-ларда бұл көрсеткіш жылына 500- доллардан басталады. Қазақстанда бір студенттің тұратын орны және күнделікті шығыны 4 мың долларды құрайды.

Рейтингте жоғарғы білім беру жүйесі қымбат елдер арасында бірінші орынға АҚШ шықты. Зерттеудің нәтижесіне сәйкес, АҚШ ЖОО-ларында оқыту бағасы жылына 23 мың долларды құрайды,  бір студенттің тұратын орны  15 мың доллардан басталады.

Жоғарғы білім беру жүйесі қымбат елдер арасында екінші орында Канада, Швейцария және Аустралия тұр.

Канадада оқыту бағасы 20 мың доллар,  бір студенттің тұратын орны  — 14 мың долларды құрайды. Швейцарияда  оқыту бағасы жылына 7 мың долларға жуық,тұратын орынға — 20 мың доллар төленеді. Аустралиялық ЖОО-ларда оқыту бағасы жылына 12 мың доллар, тұратын орынға жылына 13,5 мың доллар жұмсалады.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандағы ЖОО-да оқу ақысы қанша тұрады?

Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды

Талқылау