Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан экономикасы 10 айда 1 пайызға ұлғайған

Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 1 пайызды құрады деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев. Бұл жөнінде  STAN.KZ  сайты  Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 5

“Қабылданған  инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының арқасында және 2015-2016  жылдарға арналған Үкіметтің шұғыл шаралары жоспары аясында Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 1 пайызды құрады”,-деді Досаев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемінің 2,2 пайызға төмендеуі салдарынан  өнеркәсіптік өндіріс 1,3 пайызға азайды. Өңдеуші өнеркәсіп 0,5 пайыз деңгейінде тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

Талқылау