Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Сириядағы жағдайды одан әрі ушықтырмауға шақырды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров кеңестің АҚШ, Франция және Ұлыбританияның Сирия нысандарына зымыранмен соққы жасауына орай шұғыл шақырылған отырысында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының шұғыл отырысына қатысады

Сурет: Сергей Карпов/ИТАР-ТАСС

«Қазақстан Сириядағы ахуалдың ушыға түсуіне байланысты өзінің барынша алаңдаушылық танытып отырғандығын білдіреді. Біз барлық тарапты мұнан ары әскери ушыға түсуге жол бермеуге,  БҰҰ жарғысы мен Қауіпсіздік кеңесінің сәйкесінше қарарлары негізінде көп азап шеккен Сирияға сенім, бейбітшлік және қауіпсіздікті қайтару үшін шаралар қабылдауға шақырамыз.

Сондай-ақ, осы залда шиеленістердің арта түскендігін көрген сайын, біз БҰҰ жарғыларына және халықаралық құқыққа сәйкес жауапкершілікпен әрекет етуге шақырамыз. ҰҚШҰ мүшелері болмаса, басқа кім бүкіл әлемге жарғының ұстанымдары мен ережелерінің сақталуына үлгі болады?», – деді Қайрат Омаров.

Сонымен қатар Қайрат Омаров Қазақстанның басқа елдерді де халықаралық құқық пен заңды қатаң сақтауға шақыратынын атап өтті.

«Өкінішке орай кеше біз басқа үлгіні көрдік. Қандай игі істі желеу етіп шара қабылдаса да олар әскери күш қолдануды ақтай алмайды. Озбырлыққа зорлықпен жауап беру еш уақытта да бейбітшілік пен тұрақтылық әкелмейді.

Қазақстан «әскери іс-қимыл – бұл Қауіпсіздік кеңесі мақұлдаған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін соңғы шара» деген ұстанымды қолдайды және осылай болып та қала береді. Бұл кеңес кеше болған алған әскери соққыны мақұлдаған жоқ», – деп атап өтті Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров.

Сонымен қатар Қазақстанның тұрақты өкілі Сирия мәселесін барынша байыппен талқылайтын уақыттың жеткенін де баса айтты.

«АҚШ пен Ресей Федерациясын олардың Сирияны қолдау жөніндегі халықаралық топтың тең төрағасы болып саналатындығын және басқа тараптарға да ықпал ету мүмкіншіліктерінің бар екендігін ескере отырып, біз Сириядағы жанжалды саяси реттеуге қол жеткізу үшін белсенді әрекет етуге шақырамыз. БҰҰ  тараптар өзара дауларын реттеу үшін келіссөздер жүргізуді сындарлы рөл атқаруы қажет»,- деді ол.

Сондай-ақ, Қазақстанның тұрақты өкілі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз манифестінде мемлекеттер арасындағы даударды реттеудің негізгі құралы – бұл  бейбіт диалог пен әлемнің қауіпсіздігі, өзара құрмет және ішкі іске араласпау үшін теңдей жауапкершілік негізіндегі конструктивті келіссөздер екендігін айтқанын еске салды.

Айта кетсек, ҰҚШҰ құрамында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікстан бар.

Естеріңізге сала кетсек, сәуірдің 14-іне қараған түнде АҚШ, Франция және Ұлыбритания Дамаскіге зымыранмен шабуыл жасады. Сирияға 100-ден аса зымыран атылды.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан үш күнге дейін Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізеді

Алматы қаласы ІІД-нің бастығы туыстарын жұмысқа орналастырды деп айыпталуда

Оңтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметі бөлімінің бастығы ұсталды

Назарбаев орыс тіліндегі кейбір сөздердің қазақ тіліндегі аудармасына ұялады

Талқылау