Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан тұрғыны Түменде балаларды өрттен құтқарып қалды

Дмитрий Бортников Түмен облысында балаларды өрттен құтқарып қалған ерлігі үшін Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің медалімен марапатталды.

вммв

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық басқармасының өтінішімен батырды туған жері Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауылы, Благовещенка ауылында құттықтады. Дмитрий Бортниковты Түмендегі Қазақстан Республикасының құрметті консулы, Түмен облысындағы қазақ ұлттық-мәдени автономиясы президенті Есенғали Ибраев құттықтаған.

Салтанатты кездесуге Жамбыл ауданы әкімдігінің өкілдері де қатысқан. Марапаттау рәсімі Дмитрий Бортниковтың туған мектебінде өтті.

Өрт 2015 жылы тамыз айында болған. Дмитрий Ялуторовкскіде жұмыс істеп, екі қабатты үйде тұрған. Оқыс оқиға адамдар ұйқыға бас қойған кезде басталған. Өртті осы кезде байқап қалған ол, көршілердің есігін қағып, барлығын оятуға кіріскен.

Дмитрий еш саспай бір пәтердің терезесін ашып, әйел мен балаларын алып жерге түсіреді. Мұнан кейін Дмитрий басқа да кішкентай балаларға көмектескен. Ол балалар толық эвакуацияланғаннан кейін жанып жатқан үйден шыққан. Құтқару операциясы кезінде оны күйік те шалыпты.

Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі, Дмитрийдің арқасында қауіпті жағдайдың алдын алғанын айтқан. Оны марапаттау туралы құжатқа Ресей төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Владимир Пучков қол қойған.

Өз кезегінде Дмитрий өз әрекетін ерлік деп есептемейді. Әрбір адам осы қадамға баруы тиіс деп санайды ол.

Талқылау