Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан туралы таңғажайып видео желі қолданушыларын еліктірді (видео)

Итальяндық блогер өзінің Қазақстанға саяхаты жайында видео түсіріп, қайталанбас әрі ерекше болып келетін еліміздің табиғаты туралы әңгімеледі.

891075

Танымал итальяндық блогер Сара Ицци мен видео-оператор Тимур Тугалевпен бірге 4К-форматында Қазақстан туралы таңғажайып видеоролик түсірді. Сара Ицци (Sara Izzi) әртүрлі елдерге саяхаты жайында жазбаларды өзінің The Lost Avocado (“Жоғалған авокадо”) деп аталатын блогында жариялайды, деп хабарлады Sputnik.

Видеожазба атауын қояр кезде «авокадо» сөзінің орнына мемлекеттің немесе қаланың атауы жазылады: Lost in Buenos Aires (“Буэнос-Айреста жоғалған”), Lost in Kyrgyzstan және т.б. Дәл осылай Lost in Kazakhstan видеожазбасы дүниеге келді.

Видео 2016 жылдың қыркүйегінде 4K-форматында Sony A7S 4 камерасының және DJI Phantom көмегімен түсірілген (өте жоғары анықтылық).

“Қазақстан шексіз тау жоталарымен, тұзды көлдері мен жапан даласымен танымал ел. Соңғы онжылдықтар бойы Алматы әлемнің ең керемет деген астаналарымен салыстырылуда. Бүгінде бұл қала супер-заманауи мегаполиске айналған. Мұнда таңғажайып дүниелер қалыпты көрінеді», – деп пікір бөлісті блогер.

Одан бөлек саяхаттаушы Астананың 1997 жылдан бері Қазақстанның елордасы атанғанын, ал бүгінде әлемнің ең әдемі қалаларымен терезесі теңескен космополиттік қалаға айналғанын айтып өтті.

“Бұрын-соңды ешкім білмеген бұл қала бүгіндері биік-биік ғимараттары мен қымбат қонақ үйлерімен жарқырап тұр. 2017 жылы бұл қалада бүкіл әлемнен келген 3 миллион турист пен сарапшылардың басын қосатын “ЭКСПО-2017″ көрмесі өтеді”, — дейді Сара Ицци.

“Астана Қазақстанның саяси елордасы болса, Алматы әлі күнге дейін бұл елдің мәдени әрі қаржылық орталығы болып саналады. Әсем қала күн санап дамып келеді. Соның арқасында мәдени және көркемдік тұрғыдан алғанда Орталық Азиядағы ең серпінді қала атағын ешкімге берген емес”, — деп жалғады сөзін ол.

Бұдан өзге, Сара Алматыны Орталық Азияның «Үлкен алмасы» (Big Apple) саналатынын атап өтті. Алматының алма жемісінің отаны болып табылатыны ешкімге де жасырын емес.

«Мен қазынаға толы қала таптым: жаңа піскен жүзім, ағаштан жасалған ғибадатханалар және тұрғын-үйлер мен зәулім сауда үйлерінің арасында орналасқан саябақтар. Айнадай жарқыраған зәулім үйлер мен бес жұлдызды қонақ үйлер Іле Алатауының фонында әсемдене түскендей. Жаңа Дубай. Орталық Азияның Дубайы», – деп ой бөлісті саяхаттаушы.

Сара Ицци — итальяндық жазушы-саяхаттаушы, филология және әдебиеттану саласының маманы, блогер әрі саяхаттауды жаны сүйетін жан. Бұған дейін Стокгольм мен Нью-Йоркте тұрған, кейіннен үш жылға Ұлыбританияға көшіп барған. Skyscanner-де (қолданушыларға авиарейстер туралы ақпарат іздеуге мүмкіндік беретін ақпаратты веб-іздеу жүйесі) контент-менеджер қызметін атқарады.

Тимур Тугалев — Қазақстанда дүниеге келген режиссер-саяхаттаушы. Аргентинада туып-өскен, Глазгодағы айтулы өнер мектебін тәмамдаған. Ол да Skyscanner тобының мүшесі болып табылады.

Жіберіп алмаңыз: 

Әлемдегі ең жомарт жандар қай елде тұрады

86 жастағы әже дизайнын өзі ойлап тапқан көйлекті киіп тұрмысқа шықты (фото)

Ғалымдар адамдардың өтірік айтуының себебін анықтады

Телеоператор көрермен қызбен танысқысы келіп өзінің нөмірін экранға шығарған (видео)

Талқылау