Қазақстан тумасы Германия азаматын азаптап өлтірді деп күдіктелуде

Германияның Ульм қаласының аудандық соты 59 жастағы Михаэльдің тоналуы мен өлімі және оның анасы Эльфриданың азапталуына қатысты істі қарай бастады.

Қазақстан тумасы Германия азаматын азаптап өлтірді деп күдіктелуде

Аталған іс бойынша Қазақстанның 46 жастағы тумасы Наталь Н. мен оның күйеуі – Грузия азаматы күдіктелуде. Қылмысқа қатысы бар тағы екі адам мемлекеттен қашып кеткен. Тергеу нұсқасы бойынша, олардың бірі Израильде жасырынуда, деп хабарлайды Schwaebische.de басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай 2018 жылы 6 қаңтарда орын алған. Күдіктілер өз құрбандарын аңдып, олар тұрып жатқан үйге гараж арқылы кіруге болатынын білген.

Тергеу барысында анықталғандай, тонау туралы ой Қазақстан тумасына тиесілі болған. Ол көз жұмған азаматтың отбасында үй қызметшісі болып жұмыс істепті.

Сол күні Натальяның күйеуі мен қылмыстың басқа да қатысушылары үйге басып кірген кезде, ол көлікте отырған. Олар үйдің екінші қабатындағы терезені сындырған. Салдарынан қатты дыбыстан үй иесі оянып кетеді.

Күдіктілер Михаэльді байлап тастап, шеге суырғышпен оның мұрнын сындырған. Мұнан кейін олар ер адамды бірінші қабатқа сүйреп әкеп, галстукпен аузын байлап, бетін скотчпен орап, белбеумен үстелге байлап қойған.

«Беті скотч таспасымен қатты оралғандықтан, ер адам демала алмаған. Салдарынан оттегі жетіспеушілігінен көз жұмған», – делінеді айыптау қорытындысында.

Прокурор Штауденмайердің мәлімдеуінше, «қылмыскерлер бұл қадамға саналы түрде барған және жасаған қылмысын мойындамай отыр».

Ал сол кезде үйде болған Михаэльдің 91 жастағы анасы аман қалған. Күдіктілер оны шынжырмен буындырмақ болыпты. Алайда үйдегі бағалы заттар мен 10 мың еуроны (4 млн теңгеден аса) қолды еткеннен кейін, уақыт жоғалтпас үшін, кейуананы орындыққа байлап, асығыс кетіп қалған. Артынша Эльфрида байлаудан босап шығып, ұлын босатып, жедел жәрдем шақырады. Ол кезде ұлы тірі болыпты. Алайда ол бірнеше сағаттан кейін клиникада көз жұмды.

Белгілі болғандай, 2017 жылдың жазында Наталья мен күйеуі Гиоргидің қаржылық ахуалы төмендеп кеткен. Әйел Қазақстанда дүниеге келіп, бой жеткен. Мұнан кейін Германияға көшіп кетіп, сол елдің азаматтығын алыпты. Ал күйеуі Грузия азаматы жұмыссыз және бұрын сотталған көрінеді.

27 желтоқсанда күдіктілер тағы бір пәтерді тонап, жалпы сомасы 70 мың еуроны (30 млн теңгеге жуық) құрайтын зергерлік бұйымдап, ақша мен жинақ кітапшалырын қолды қылған.

Ал 5 қаңтарда Циметсхаузен (Бавария) ауданындағы шіркеуді тонаған. Олар жалпы сомасы 10 мың еуроны (4 млн теңгеден аса) құрайтын заттарды ұрлапты. Алайда олар ұрлаған заттарының алтыннан жасалмағанын білгеннен кейін, оларды көшеде лақтырып кетеді.

Наталья 10 қаңтарда қолға түскен. 5 күннен кейін күйеуі тұтқындалды. Қайтыс болған Михаэльдің үйінен табылған іздер олардың қылмыс орын алған күні марқұмның үйінде болғанын дәлелдеді.

Алайда сотталушы Натальяның қорғаушысы оның кінәсіз екенін алға тартуда. 12 қазанда қорғашуы Даниэль Справке БАҚ-қа «әйелдің аталған қылмыстарға қатысы бары дәлелденбегенін және оған тағылған айыптаулардың негізсіз» екенін мәлімдеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар