Қазақстан Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына байланысты мәлімдеме жасады

Дүйсенбі, 31 Шілде , 2017 11:34

Қазақстан Республикасы Корей Халық-Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыранды ұшыруын батыл айыптайды, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігі.

c3047e3a6da3bf2a84d927748f26fd05

28 шілдеде Корей Халық-Демократиялық Республикасы осы айдағы екінші баллистикалық зымыранды ұшырды.

“Қазақстан Республикасы Корей Халық-Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыранды ұшыруын батыл айыптайды. Мұндай-іс-әрекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын өрескел бұзушылық болып табылады, әлемге қауіп төндіреді және Шығыс Азия өңірінде және жаһандық ауқымда жағдайды ушықтырады”, — деп айтылған Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, ҚХДР-ның жауапсыз саясаты ядролық қарусызданудың жаһандық процесіне теріс әсер ететіні, болашақ ядросыз ғаламшарды қамтамасыз ету жөніндегі ұжымдық күш-жігерге зиян келтіретіні айтылған.

Осы ретте Қазақстан ҚХДР-ды өз халқының қауіпсіздігі мен дамуы, сондай-ақ бүкіл адамзаттың игілігі үшін ядролық менмендіктен бас тартуға табанды түрде шақырады.

“ҚХДР-дың зымырандық және ядролық бағдарламасының қаупі бүкіл мүдделі тараптарға келіссөздер процесін жедел түрде қайта бастау арқылы өзара тиімді шешімді іздестіру жөніндегі күш-жігерді жандандыруды талап етеді. Қалыптасқан жағдайдан шығу Солтүстік Корея билігінің арандатушылық іс-әрекеттерінен туындаған проблеманы күшпен емес, нақ келіссөздер арқылы шешуге болады деп есептейміз”, — деп атап өтілген мәлімдемеде.

Жіберіп алмаңыз:

Өскемен тұрғыны анасының пәтерінен жасырын казино ашып алған

Тоқтар Төлешовтің 70 миллион теңге қарызын “Шымкент сыра” зауыты өтейтін болды

ЯК-12 ұшқышының туысы: Мәйіттер адам танымастай болып жанғанша, адамдар тек видеоға түсіріп тұрды

Шымкенттіктер орыс тілін латын қарпіне көшіре бастады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар