Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан соғыс күші мықты елдердің рейтингісінде 53-орынға табан тіреді

Шетелдік танымал басылымдардың бірі соғыс күші мықты елдердің рейтингісін жасаған екен. Аталған тізімде Қазақстан 53-орынға келіп жайғасқан.

a284422ef60970e41a846ea61603a6b4

Бұл туралы Stan.kz globalfirepower.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Рейтингті құрастыру барысында 50 түрлі фактор есепке алынған. Аталған әдіс дамушы мемлекеттердің дамыған мемлекеттермен иық тіресуіне мүмкіндік береді. Мұнымен қатар, қару саны емес, әр қарудың күші есептеледі. Олардың қатарына кеме мен ұшақ та кіреді. Ал бұл тізімде Қазақстан 53-орынға табан тіреді. Америка, Ресей, Қытай алғашқы үштікке кірді.

Әдетте жүз кеме он шақты ұшақты алмастырады әрі кейінгісі алғашқысына қарағанда аз орын алады. Рейтингті анықтау барысында атом бомбасы бар мемлекеттерге қосымша ұпай берілді. Мемлекеттің географиялық орны мен логистикалық территориясының қолайлығы шешуші рөл атқарды. Кез келген нәрсеге жергілікті өндіріс мүмкіндігі әсер етеді. Мұнымен қатар, мемлекеттегі әскер қатарында қызмет ете алатын адамдар саны да ескерілген.

Теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекеттерден ұпай саны алынбады. Бірақ, мүмкіндігі бола тұра флотын жеткілікті деңгейде жасақтай алмаған мемлекеттердің ұпайы төмендетілді. НАТО ұйымына мүше мемлекеттер жеке ресурстарын бір-бірімен бөлісіп отырады.

 

Талқылау