Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан СІМ экс-консулға қарсы істі жалған деп атады

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Үндістандағы экс-консулы Рашид Рахымбековке тағылған айыпты негізсіз деп санайды. Елшіліктің бұрынғы қызметкері заң шеңберінде жұмыс істеді деген уәжді алға тартады. Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұстанымы керісінше.

11-3_f0a09414

Сурет time.kz

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Еске салайық, Рахымбековке қызмет бабын асыра пайдаланып, шетелдіктерге виза рәсімдеу барысында заңсыз пайда тапқан деген айып тағылды. Айыптаушы тараптың пайымынша, сатылған 1700 визадан мемлекет бюджетіне 200 мың доллар түспеген. Бүгінгі кезекті сот отырысында 66 жастағы Рахымбековтың өзі алғаш рет қатысты. Адвокаттың айтуынша, бұрынғы елші соңғы уақытта тағылған айыптың кесірінен психикалық ауруға ұшыраған. 33 жылын сыртқы дипломатиялық қарым-қатынасқа арнап, зейнет жасына жеткенде ауыр айып арқалаған дипломат өзінің кінәсіздігін айтып, ақталды.

“Тапсырыс бойынша, бір кісінің қылмыстық істі аш деуімен. Себебі бұл әкімшілк іс қана болу керек ары кеткенде. Куәгерлер айтты мені тікелей көрген жоқпын деп. Сосын не мен оларды шекарадан өткіздім бе? Әрине жоқ”,- деді Қазақстанның Үндістандағы бұрынғы консулы Рашид Рахымбеков.

Еске салайық, бұрынғы консулға қатысты қылмыстық іс осыдан үш жыл бұрын басталды. Алайда дәлелдің дәйексіздігінен іс жабылған. Бірақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті оқиғаны биыл қайта көтерді. Жалпы бұрынғы дипломаттарға қатысты қылмыстық іс бірінші рет қозғалып тұрған жоқ. Шетелдіктерге виза рәсімдеуде заңсыздыққа жол берген айыппен оннан астам консулдар жауапқа тартылды. Ал, Рахымбековке қатысты сот отырысы жалғасады. Айыпталушы тарап БАҚ өкілдеріннің сотқа қатысуын қолдағанмен, істің ашықтығына қарамастан прокурор журналистердің араласуына қарсы болып отыр.

Талқылау