Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан делегациясына сыйға берілген қытай телефоны сатылымға қойылмақ

Ресми кездесулерде шенеуніктерге берілген сыйлық бұдан былай мемлекет меншігіне тапсырылуға міндетті. Және олар саудаға салынатын болады.

10181547

Бұл туралы Қазақстанның қаржы министрі Бақыт Сұлтанов орталық коммуникацилар брифингінде мәлімдеді.

Брифингіде министр бұл бастаманың 1 қаңтардан бастап заң жүзінде күшіне енгенін, бұл заң бойынша шенді қызметкерлер ешқандай сыйлық алуға қақысы жоқ екенін айтты. Өзге елден немесе немесе ресми кездесулерде сыйлық беріліп жатса, оны мемлекет меншігіне өткізуі керек.

«Қайда өткізу керек дейсіздер ме? Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бөлімі бар. 28 желтоқ күні Үкімет отырысында осындай ереже қабылдаған болатын», – деді министр.

Оның айтуынша, осындай ресми кездесулердің бірінде қытай телефоны сыйға берілген.

«Оны ауылшаруашылық министрлігінен, Асылжан Мамытбеков алған сияқты. Біз оны сатуға қоюды ұсындық. Телефон сатылымға қойылады. Бізде осыған қатысты арнайы сайт бар. Сайт арқылы сыйлықтарды сатып алуға, ақпараттарды білуге болады. Онда барлығы егжей-тегжейлі жазылған», – деді Бақыт Сұлтанов.

Талқылау