Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік зейнеткер Қазақстан шекарасынан өзеннен жүзіп өтпек болған

Қазақстан шекарасын жүзіп өтпек болған ресейлік зейнеткер ұсталды.

20b178798b8601f313271930b772b0970022bc3c_900

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ресейлік зейнеткер Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын «Желқуар» өткізу бекетінен тыс жерден қасақана кесіп өткені үшін қылмыстық жуапкершілікке тартылды. Сот оған 1 060 500 теңге көлемінде айыппұл салып, бес жылға ел аумағынан шығару жазасын тайындады.

Ол Қостанай облысы Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округінің Дауылбай ауылына жақын жерде Берсуат өзенінен жүзіп өткен.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының 67 жастағы азаматы Қазақстан аумағына бұған дейін де жүзіп кірмек болған. Бірақ ол жолы сот айыппұл салумен ғана шектелген болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Сангар бұғазын жүзіп өткен 73 жастағы жапондық әлемдік рекорд орнатты

Атыраулық мас әйел 50 шыны сыра үшін Жайық өзенін жүзіп өткен

Шымкентте полицей ұрыны ұстау үшін аязды күні өзеннен жүзіп өткен

Талқылау