Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Ресейден жанармай әкелуге уақытша тыйым салу ұсынылды

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ресейден темір жол арқылы жанармай әкелуге уақытша тыйым салуды ұсынды. Тиісті бұйрық үкіметтің электронды порталында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстан Ресейден жанармай әкелуге уақытша тыйым салды

«Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан темір жол арқылы жанармай әкелуге 3 айға тыйым салынды», – делінеді бұйрықта.

Ендігі көпшіліктің талқысына ұсынылған бұйрық 6 маусымға дейін қарастырылатын болады.

Құжатта көрсетілгендей, Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті ҚР ҰҚҚ-ның шекара қызметіне, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына хабарлама дайындау керек. Сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрлігі аталған тыйым туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға бекітілген тәртіп бойынша ескертуі тиіс.

Аталған бұйрық ресми түрде жарияланғаннан 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау