Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ресей нарығындағы түрік тауарларын алмастыруға әзір екен

1 қаңтардан бастап Ресей дүкендерінде түріктің тауық және үндік өнімдері, қызанақ, қияр секілді көкөністер мен жеміс-жидектері сатылмайтын болды. Ал, бұлардың орнын Мамытбековтің айтуынша, Қазақстанда  өсірілген өнімдер баспақ екен.

 

Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды

Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков, Ресейге Түркияның өнімдерін кіргізуге тыйым салған соң, біздің шаруалар өз өнімдерін апарып сатуға сақадай сай деп мақтанып отыр.

Ресей жаңа жылдан бастап Түркиядан келетін тауарларды еліне кіргізуге тыйым салды. Яғни,  Министр, шаруалар Ресей нарығындағы сұранысқа ие тауарларды апарып сатуға сақадай сай деді. Алайда, лауазымды шенді отандық өнім өзімізге жетпей, өзбектер мен қырғыздардан тасып отырғанымыз туралы ештеңе айтқан жоқ.

Талқылау