Қазақстан президентінің бұйрығымен сапта жүруші әскери қызметкерлер адым қарқынын бәсеңдетпек

Бейсенбі, 4 Ақпан , 2016 13:12

Жаңа жарлыққа сай енді әскери қызметкерлер сап түзеп адымдап жүрген кезде қарқындарын бәсеңдететін болды. Жаңа ереже бойынша минутына 95-105 қадам басса, қадамның ұзындығы 60-70 см-ді құрауы тиіс. 8364895

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша, саптық жүрістегі талаптар мәніне байланысты жалпы әскери қарулы күштердің, басқа да әскерлердің жарғысына түзету енгізіліп отыр. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлайды.

2 ақпанда қол қойылған жарлық, 2007 жылдың 5 шілдесінде қабылданған №364 “Қазақстан Республикасы әскери күштерінің және қарулы күштердің жалпы әскери жарғысын бекіту” жарлығына өзгерістер енгізеді. Жаңа ереже ресми жарияланымнан он күн өткеннен кейін күшіне енеді.

“”Қазақстан Республикасы әскери күштерінің және қарулы күштердің жалпы әскери саптық жарғысында жоғарыда аталған жарлық негізінде өзгерістер пайда болады. Адымның қарқыны минутына 95-105 болуы тиіс. Ал қадым ұзындығы 60-70 см”, – делінген құжат мәтінінде.

Осы кезге дейін күшінде болған саптық жарғыға сай, әскерилер минутына 110-120 қадам басып, қадам ұзындығы 70-80 см-ді құраған болатын.

Сондай-ақ, жаңартылған жарлық “саптық қадам бас кезінде аяқты алға 10-15 см жерден көтеру керектігін” жария етеді. Қазіргі кезде бұл өлшем 15-20 см-ді құрайды. Бұл өзгеріс “Орныңда, қадам бас!” командасын орындау кезінде де қолданылады. Бұл команданы атқару сәтінде, аяқты жерден 10-15 см-ге дейін көтеріп-түсіріп іске асыратын болды. Ал қазіргі кезде әскери қызметкерлер аяқтарын жерден 15-20 см-ге дейін алшақтатып көтеретін.

Қазақстан қауіпсіздік қорғаныс кеңесі және әскери қауіпсіздік бөлімінің хабарлауынша, өңделген жаңа жарлық негізінде, ішкі қызмет, гарнизондық және қарауыл қызметтерінің де жарғысына өзгерістер енеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Дамира says:

    Халқымыздың қорғаны әскери қызметшілердің құқықтары қорғалып, жағдайы жасалғаны дұрыс-ақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар