Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан полициясы митингке шықпақшы болғандардың жолын кесті

Полиция Ақтөбеде, Алматыда, Атырау, Семей, Орал, Павлодарда заңсыз митинг жасамақшы болған адамдарды ұстады.

141414

Сурет Анатолий Устиненко newskaz.ru

Ұсталғандардың арасында журналистер, қоғаам қайраткерлері де бар деп хабарлады Фейсбук қолданушылары. Куәгерлердің айтуынша, Алматыдағы Республика алаңы сағат таңғы 10.00-ден бастап қоршауға алынған.

Полиция алаңға қарай өтпек болғандардың жолын бөгеп, заңсыз митинг жасауға жол бермеген. Ұсталғандарға қатысты қандай да бір ақпарат жоқ.

ҚР Ішкі істер министрлігі таратқан мәлімдемеде, 21 мамыр күні ешқандай тәртіп бұзушылыққа жол берілмегендігі айтылған.

“Ертеректе, әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджері арқылы заңсыз митинг ұйымдастыруға талпынғандардың әрекеті туралы ақпараттар шыққан болатын. Бейбіт шеруді ұйымдастыру арқылы қоғамдық тәртіпті бұзуға арналған қарсылық шаралары дайындалған. Бұл ретте арандатушылардың кесірінен өзге адамдар зардап шегуі мүмкін еді”, – деп жазылған ІІМ хабарламасында.

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев полицияның БАҚ өкілдерін тұтқындап алып кеткен жағдайды реттейтіндігін айтқан еді. Сондай-ақ, заңсыз митинг ұйымдастыруға талпынған 40-қа жуық адам жауапкершілікке тартылды

Талқылау