Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы парламент сайлауының күні белгіленді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бесінші сайланған парламент мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарлады.

1425640740_5a456ec9e7f9dd88b7686c4737ca8d24

Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтеді.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 21 наурызға белгіленді.

“Мен парламент мәжілісі депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа сайлау тағайындау туралы ұсынысын жан-жақты талдап, қарадым. Бұл күндері менің атыма бастамаға қолдау көрсеткен көптеген хаттар мен жеделхаттар түсіп жатыр. Бастаманы саяси партиялар, кәсіподақ, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындардың, мекемелер мен оқу орындарының еңбек ұжымдары құптады. Оған ардагерлер мен жастардың ұйымдары, бизнес пен шығармашылық, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ көптеген жеке азаматтар қолдау көрсетіп отыр. Оны өздеріңіз ақпарат құралдарынан көріп, естіп отырсыздар. Менің атыма түскен үндеулерде келтірілген барлық дәлел, дәйектемелер  маған түсінікті. Ол – елдің қамы», – деді Елбасы.

Өздеріңіз білетіндей, мәжіліс 107 депутаттан тұрады. 98 депутатты партиялық тізім бойынша дауыс беруде сайлайды. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жыл.

 

Талқылау