Қазақстан өз аумағына қырғызстандық 5 кәсіпорынның сүт өнімдерін жеткізуіне тыйым салды

Қазақстан өз аумағына санитарлық нормалардың бұзылуына байланысты Қырғызстандағы бес бірдей сүт зауытының өнімдерін әкелуге шектеу қойды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметінше, тыйым салынған және ластанған қырғыз өнімдеріне байланысты қазақ-қырғыз шекарасында 10 қазаннан бері тексеру күшейтілген.

Қазақстанға 25 қырғыз кәсіпорыны өз өнімдерін әкелуге құқылы: 15 сүт өңдеу, 8 балық өңдеу және екі дайын ет өнімдерін жеткізу кәсіпорындары.

“Бұған дейін кәсіпорын инспекциясы және өнімге енгізілген мониторинг тарапынан ереже бұзушылықтың орын алуына байланысты 5 қырғызстандық сүт өңдеу кәсіпорынының өнімдерін Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынады. Өзге екі қырғызстандық бөлек өнімдер жеткізетін кәсіпорынына қатысты күшейтілген зертханалық бақылау орнатылып, әр өнім партиясынан алынған сынамалар зертханалық зерттеуге жіберіледі”, – деп хабарлады ҚР ауылшаруашылық министрлігі.

Тағы да оқыңыз:

Сот бизнесмен Қайрат Жамалиевті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Шымкентте анасы өлімші етіп сабаған 7 жасар бала тағы да ауруханаға түсті

Жезқазғанда күйеужігіт балконға шыққан қалыңдығын кранмен «алып қашты» (видео)

ҰҚК экс-басшысының ағасы қамауға алынды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар