Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан наурыздан бастап Шарм-эш-Шейхке ұшуды қайта бастайды

Египеттің азаматтық авиациясы министрлігінің мәліметінше, Қазақстан 19 наурыздан бастап осы елмен әуехабарламасы мен ұшу-тасымалдау қатынастары қалпына келмек.

 

avia10_600_deposit

Сурет www.rg.ru сайтынан алынды

Мұндай келісім қазақстандық азаматтар авиациясы комитеті делегациясының Каирге сапарынан кейін қабылданды. Олар Каир әуежайы мен Красноморск курортты қаласының қауіпсіздігін тексерді. Египеттің Қазақстандағы елшілігі туристік визаларды рәсімдеуді бастап кетті.

Айта кетейік, өткен жылдың 31 қазанында ресейлік ұшақтың Синай жеріндегі апатынан кейін қазақсандық әуекомпанияларға Египетке ұшу тоқтатылу керектігі және туристік компанияларға ол елге баратын жолдамалардан бас тарту керектігі айтылды. Қараша айының ортасында ҚР Инвестиция және даму министрлігі қазақстандық әуекомпаниялар үшін Шарм-э-Шейхқа ұшуға авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қорқынышы жоғары екенін мәлімдеген.

А321 ұшағының апатынан 224 адам көз жұмды. Ресей Египетке ұшатын барлық бағыттарды тоқтатып тастады. Египеттің Egypt Air ұлттық компаниясына да тиісті шаралар қабылданды.

Талқылау