Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан нарығында әлемдегі ең арзан көлік пайда болмақ

Әлемдегі бағасы ең арзан автокөлік деп танылған Bajaj Qute көлігі мамыр айынан бастап еліміздің нарығына түспек. Оның бағасы 1,7 млн теңгеден (5000 доллар) аспауы тиіс.

news1460699920

Сурет kursiv.kz

Бұл туралы kolesa.kz хабарлайды.

Автомобильдің алғашқы даналары Астанаға әкеліп сатылмақ. Үнді маркасын тасымалдаушы диллерлердің келісімі бойынша сәл кейінірек аталған көліктің сатылымы Шымкент, Қостанай, Өскемен, Ақтөбе қалаларында жүзеге аспақ.

Кішкентай көліктің әдеттегідей төрт орындығы бар. Моторы артқы орындықтың астында орналасқан. 44 литрлік багаж алдыңғы жағында. 92 маркалы бензинді жұмсау шығыны – 100 шақырымға 3 литрден келеді. Демек 8 литр жанармай 250 шақырымға оңай жетеді деген сөз.

Талқылау