Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан арасында автобус қатынайтын болды

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар автобусы қатынайтын күн алыс емес. Бүгін Сенаттың комитет отырысында депутаттар арнайы заң жобасын талқылады. Құжат екі ел арасындағы халықаралық автомобиль қатынасын реттейді.

Бұл туралы “Хабар 24” хабарлайды.

Бұған дейін қазақ-өзбек мемлекеттері арасында тұрақты маршрут болмаған. Соның салдарынан екі жақтың да азаматтары шекара бойында түрлі қолайсыздыққа кезігіп келді. Егер заң жобасы күшіне енсе, алдымен Ташкент пен Шымкент қалаларының арасында автобус бағдары ашылады.

Сенаторлар құжат автомобиль қатынасын реттеп қана қоймай, екі елдің сауда-экономикалық байланысын да одан әрі дамытуға серпін беретінін айтады. Сондай-ақ депутаттар Қазақстан мен Норвегия арасындағы көлік қатынасы туралы да тілге тиек етті. Құжат қабылданса, екі ел жүк тасымалын делдалсыз жүргізе алады. Ал қазір ол тасымалдар Ресей мен Беларусь арқылы жүргізіледі.

“Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастарды ары қарай дамытуға, екі ел басшысының арасындағы келісімдерді дамытуға үлкен көмек болады деп ойлаймыз. 2006 жылғы жасалған келісімшарт бойынша автобус тасымалы болмаған деген. Сондықтан осы заңға жолаушылар тасымалын қосып отырмыз”, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев.

Оқи отырыңыз:

Қытай Қазақстанмен арадағы шекараны жапты

Қызылордада жезөкшелердің қызмет ақысы қымбаттады

Блогер: Қазір қазақ үшін қонақ шақыру да, қонаққа бару да өте тиімсіз

Президент саябағында адам қағып өлтірген 19 жастағы қызға сот үкімі шықты

Талқылау