Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы темір қоршаулар алынып тасталды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы “Қордай” бақылау-өткізу бекетіндегі қызмет көрсету сапасы күшейтілді.

svsvsvsv

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Бекеттегі темір тор алынып тасталып, күту алаңында орындықтар орналастырылды. Бұған дейін омбудсмендер Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа және Қазақстандағы адам құқығын қорғау бойынша өкілетті Асқар Шәкіровке өтініш білдіріп, қазақ-қырғыз шекара бекетіндегі ҚР шекара қызметкерлерінің әрекетін сынға алған болатын.

Енді жолаушылардың шекара бекетінен ешқандай қысымсыз және қиындықсыз өтуі үшін барлық жағдайлар жасала бастаған еді.

“Өткізу бекетіндегі темір қоршау алынып тасталып, күту алаңқайларына орындықтар қойылды. Осылайша жүргіншілер жүретін жол кеңейтіліп отыр. Бұрын қабылдап алмайтын тарапта тек екі қызметкер ғана болса, қазір компьютер жүйесі арқылы құжат тексеретін қызметкерлер саны онға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, құжат қарайтын қосымша терезе де ашылды”, – деп хабарланған.

Талқылау