Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мектептерінде жемқорлыққа қарсы сабақтар өткізіледі

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қалалық департаменті жетекшісі Бақтияр Қамалов Қазақстанның барлық мектептерінде жемқорлыққа қарсы арнайы сабақтар өткізілетінін хабарлады.

ыыыыыы

Сурет mln.kz

Мектеп бағдарламасына енгізілетін жаңа сабақтың дәріс берушілері әртүрлі саланың өкілдері болмақ.

“Жемқорлыққа қарсы стратегия жемқорлықты ұлттық қауіпсіздік шекарасынын ығыстырып шығарады. Тек мемлекет пен қоғам жақын серіктестік құрған кезде ғана жемқорлықты жеңуге болады. Жоғарыда атқарылып жатқан шаралар тек ішінара ғана нәтиже беруі мүмкін. Жемқорлықпен күрес барлық қоғам өкілдерінің міндеті екенін әр қазақстандық, әр отбасы түсінуі тиіс. Бұл ретте балалар жемқорлықпен күресті кішкентайынан үйренсе өмір жолында үлкен сабақ болмақ. Балаларды патриоттық негізде тәрбиелеп, жемқорлықтың жайсыз нәрсе екенін түсіндіруіміз керек”, – дейді Бақтияр Қамалов.

Қамаловты өз кезегінде Алматы қаласының дін істері жөніндегі басқарма басшысы Тілепберген Жақиев та қолдады. “Рухани тәртіп бала кезден басталуы тиіс”, – дейді хадистен мысал келтірген Жақиев.

“Самұрық-Қазына” қоры да арнайы коррупцияға қарсы шаралар қабылдамақ.

Талқылау