Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан құрамасының футболшысы жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қостанайлық «Тобыл» футбол клубының футболшысы, Қазақстан құрамасының қорғаушысы жансақтау бөліміне түсіп қалды. Ол уланып қалған.

Қазақстан құрамасының футболшысы жансақтау бөліміне түсіп қалды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Футболшы Дмитрий Мирошниченко ауруханаға түсіп қалған. Ақпаратты қостанайлық клубтың жаттықтырушысы Владимир Газзаев растады. Ол футболшының жағдайы ауыр екенін айтты.

Газзаевтың сөзінше, команда дәрігердің кемшілігі үшін қиын жағдайда қалған. Дәрігер жұмысынан босатылған екен.

«Бұл орайда клубтың директорымен сөйлесіп, білікті дәрігер тауып беруін сұрадым», - дейді жаттықтырушы. 

Дмитрий Мирошниченко – қазақстандық танымал шабуылшы Андрей Мирошниченконың ұлы. Ол 2014 жылы Қазақстанның ұлттық құрамасында ойын көрсетті. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр