Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасының спортшылары олимпиаданың жабылу салтанатына қатысты

Рио-де-Жанейродағы “Маракана” стадионында олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті.

Cqa3eaVWcAITQoe

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Дәстүрлі шеруге Қазақстан спортшылары да қатысты. Мемлекеттік туды таэквондошы Руслан Жапаров ұстап шықты. Ол бұл міндетті ашылу салтанатында да атқарған болатын.

20 жастағы Жапаров олимпиада ойындарындағы алғашқа кездесуінде әзербайжандық Радик Исаевтан ұтылып қалған. Ал жұбаныш бәсекесінде, қола жүлде жеңіп алған Чха Дон Минге жол берді.

Cqa5gDuW8AQvOga

Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына өз сайыстары біткеннен кейін, бірден елдеріне аттанған спортшылар қатысқан жоқ. Рио-де-Жанейродағы жазғы олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өткізілді. Ойындарға 207 елден 11 544 спортшы қатысып, 306 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

CqazqDvWIAAEQdM

Қазақстан Риоға 26 спорт түрі бойынша 104 спортшысын апарды. Командалық есепте 17 медаль еншілеп (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) 22-ші орынға жайғасты.

Талқылау