Қазақстан құрамасының олимпиялық формасы бекітілді

Бейсенбі, 10 Наурыз , 2016 12:04

Қазақстан ұлттық құрамасының Рио-де-Жанейро олимпиадасына киіп баратын киім үлгісі нақты бекітілді. Парадтық және спорттық киім үлгілеріне дизайны және түсі бойынша өзгерістер енгізілген.

photo_62222

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

“Әйелдердің парадтық формасы бекітілді. Әйелдер пиджагы басқа түсте болады. Ол бұрын ерлердікі секілді көк түсті еді. Ал енді керісінше. Бұл соңғы нұсқа”, – деп хабарлады комиссия мүшесі Ольга Шишигина.

Шишигинаның сөзінше, қазақстандық спортшылар киіп шығатын бірегей форма да бекітілген.

“Бүгін сондай-ақ, спорттық форма да нақты бекітілді. Кішкене ғана түстерін өзгерттік. Енді спортшыларымыз ақ-көк түсті форманы киіп шығатын болады”, – дейді Шишигина. Оның айтуынша, комиссия мүшелері өзгертілген нұсқаға барлығы бірдей дауыс берген.

photo_73369

Еске сала кетсек, ұлттық құраманың спорттық киімін таңдауға арнайы комиссия бекітіліп, оның құрамына Серік Сәпиев, Ермахан Ыбырайымов, Ольга Шишигина және басқа да танымал спортшылар кірген болатын. 18 ақпанда Астанада парадтық және спорттық формалар таныстырылған. Кейінірек, формаға бірқатар өзгерістердің енгізілетіні хабарланған. Бірнеше күн бұрын қазақстандық танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова да олимпиялық формаға өз нұсқасын ұсынған еді.

Рио-де-Жанейродағы жазғы олимпиада ойындары 2016 жылдың 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар