Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасының футболшылары отырған ұшақ шұғыл түрде Ереванға қайта қонды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Қазақстанға белгіленген уақыттан кешігіп жететін болды.

58d00a9d24a55

Бұл туралы құраманың медиа-офицері Ербол Қайыров әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

Қазақстан құрамасының футболшылары отырған ұшақ Армения астанасы Ереванға қайтадан шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған. Әуе кемесінің шассиінен ақау шыққаннан кейін ұшақ экипажы осындай шешім қабылдапты.

Футболшылар басқа чартерлік рейске ауысып мініп, Қазақстанға оралатын болады.

93128_b0

Еске салсақ, 26 наурыз күні 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары аясында Қазақстан құрамасы Арменияға қарсы ойнап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Енді біздің құрама 10 маусым күні Астанада Дания құрамасын қабылдайды.

Оқи отырыңыздар:

Шахмат ханшайымы Динара Сәдуақасова әлемнің ең мықты ТОП-30 әйелдері қатарына енді

Жансая Әбдімәлік Евразияның ең әдемі шахматшысы деп танылды

17 жастағы боксшы турнирдегі жекпе-жектен кейін қайтыс болды

Промоутер Головкин-Альварес жекпе-жегі қайда өтетіні туралы айтты

Талқылау