Қазақстан құрамасының ең жас боксшысы Рио олимпиадасына жолдама ұтып алды

Бейсенбі, 31 Наурыз , 2016 13:34

Қытайдың Цзяньан қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде әлемнің әр түкпірінен келген спортшылар Рио жолдамасын сарапқа салып жатыр.

Безымянный

Сурет kfb.kz

64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық жас боксшы Абылайхан Жүсіпов шаршы алаң иесі Цянксун Худы 3:0 есебімен жеңіп, жолдаманы қалтаға басты. Енді 20 жастағы  Абылайхан финалда моңғолиялық Чинзориг Баатарсух пен қырғызстандық Ермек Сәкенов жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ал 56 келіде сынға түскен Қайрат Ералиев өкінішке орай жарыс жолынан шығып қалды. Ол үндістандық боксшы Шива Тапаға жол берді. Бүгін сондай-ақ, қазақстандық боксшылар қатарынан Жәнібек Әлімханұлы, Олжас Сәттібаев, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко финалға берер жолдама үшін күреспек. Қыздар арасында Дариға Шәкімова (75 келі) кореялық Ун Жангпен бокстасады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


омирбек.
9 ай 14 күні кері

Осы жас та таланты азаматымыз туралы Есен Елеукен агамыз озинин пикирин паракшасында билдирген болатын. Билип айткан екен. Жарайсыз ,Есага.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
16.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар