БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан құрамасы FIF7 әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Бразилияда өткен FIF7 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды. Аталған әуесқой футболда ойыншылар 7х7 форматында ойын көрсетті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан құрамасы FIF7 әлем чемпионатында қол жүлдеге ие болды

Үшінші орынға таласқан қазақстандықтар екі күн ішінде аргентиналық команданы 9:7 есебімен ұтты. Голдарды соққан Қайрат Күлбарақов, Данияр Сопиев, Бектас Ізізов, Жасын Кайпбаев.

Жартылай финалға жолдама алған отандастарымыз Бразилия командасынан 10:2 есебімен жеңіліске ұшырады.

Ерекше чемпионат бразилиялық Куритибеде 11-16 желтоқсан аралықтарында өтті. Командаралар паркетке төсенген жасанды газон үстінде 7х7 форматында ойын көрсетті. Қазақстан атынан қатысқан ойыншылар алматылық СКА базасында құрылған команда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр