Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан құрамасы дүниежүзілік көшпенділер ойынында екінші орынды иеленді

Қазақстан құрамасы Қырғыздстанда өткен дүниежүзілік көшпенділер ойынын аяқтады. Бұл туралы Tengrinews.kz басылымына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасы ойынды 18 алтын, 24 күміс және 30 қола медальдармен аяқтады.

Командалық есепті Қырғызстанның құрамасы жеңді. Олардың қоржынында 40 алтын, 32 күміс, 31 қола медальдар бар.  Ресей болса 17 алтын, 12 күміс пен 27 қоланы иеленді.

Ортақ санақ бойынша Қазақстан Қырғызстаннан кейін екінші орында тұр. Еліміздің қоржынында 72 медаль.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қыркүйектің қорытындысы бойынша Қазақстан 7 алтын, 7 күміс, 5 қоламен үздіктер тобын бастаған еді. Бірақ 4 қыркүйек күні 9 алтын, 9 күміс, 14 қоламен Қырғызстан, Ресейге жол беріп, үшінші орынға ығысты.

Үшінші дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2 қыркүйекте басталды

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр